
“Растишка” балабақшасының меңгерушісі: Утенова Адеми Рамазановна.
Білімі: Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Университеті, филология ғылымдарының магистрі
«Растишка» – үлгілі балабақша «Растишка» балабақшасы Т әуелсіздік алған жылдары балабақшаға деген сұраныс бүгінгідей жоғары деңгейде болмады. Себебі жұмыссыздық көбейіп, қиын-қыстау шақтарда нәзік жандылардың көбі үйде бала тәрбиесімен айналысты. Ал қазіргі уақытта жас отбасылар бір жерде ғана емес, бірнеше жерде жұмыс істеп, тұрмысын тіктеуге тырысады. Өйткені, нарық заманының талабы сондай. Сондықтан халық тығыз шоғырланған қаламен бірге ауылдарда да балабақшаға деген сұраныс әлдеқайда жоғары. Сонымен бірге мемлекеттің басты бағыты – балалардың қауіпсіздігі және оларға қолайлы әрі сапалы жағдай жасау екені белгілі. Білімді ұрпақ тәрбиелеу тек ата-ананың не ұстаздың ғана міндеті емес, ол тұтастай қоғамның алдындағы үлкен парыз. Ұрпақ тәрбиелей отырып, болашақты жарық етеміз. Бұл ретте баланың алғашқы тәрбиеленетін, әріп танып, оңы мен солын үйренетін ортасының мықты болуы керек. Сондықтан да баласының болашағына алаңдайтын әрбір ата-ана замануи тәрбие беретін балабақша іздейді. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласындағы «Растишка» балабақшасы қаладағы үлгілі балалар тәрбиелейтін орнының бірі деуге болады. Балабақша 2017 жылдан бастап жұмыс жасайды. Онда 141 бала 6 топта тәрбиеленеді. Оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі, балаларға тәлім-тәрбие беру мекеніне айналған балабақшаның ұжымы да үлкен мақтауға лайықты.
